2-тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтін құрылымын сақтай отырып, күрделі жоспар құрыңыз.
Белгілі болғандай адамның көңіл күйін түсіретін, депрессияға ұрындыратын әлеуметтік желілер бар екен...
Бұл туралы неміс ғалымдары нақты дәлелдер келтірген. Сонымен адамды күйзеліске ұшырататын әлеуметтік желілердің көшін фото алмасу және видео алмасу қызметін тегін ұсынатын «Instagram» желісі болып шықты. Мұндай пікірді Берлиндегі Гумбольд университетінің мамандары айтқан.
Олар «Facebook» желісіне қарағанда «Instagram» адам миына артық cалмақ салады дейді. Зерттеу авторларының айтуынша, бұл қосымша тани бермейтін мыңдаған адамның жағажайлардағы демалыста немесе қымбат бутиктер мен мейрамханаларда түсірген суретін көреді, ал бұдан басқа, көптеген адам көрпесіне қарай көсіліп, бара алмайтын жерлерде түскен әлдекімнің суретіне қарайды. Бұдан кейін ол өзінің көптеп «лайк» жинай алмайтын суреттеріне қарап, өзінің өміріне деген көңілі толмайды. Бұл қолданушының өмірге деген қызығушылығын жойып, қызғаныш пен жалғыздық сезімдерін туғызатын көрінеді...
«Сіздер адамның бақытын анық және анық емес факторлар арқылы өлшейсіздер, өзгелердің сәттілікке қол жеткізгенін оның профиліндегі суреттерімен байланыстырасыздар,» - дейді Берлиндегі Гумбольд университетінің маманы Ханна Краснова американдық «Slate» басылымына берген сұхбатында.​

Tipudi228 Tipudi228    1   08.03.2021 17:12    19

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi