2- тапсырма. Мәтінді оқып суретпен сәкестендір. Мәтіннен тек қана етістіктерді теріп жаз, морфологиялық талдау жаса, салт етістіктерді сабақты етістікке айналдырып жаз Футбол, баскетбол немесе волейболдан хабардар емес жан жоң шығар. Ал енді көпшілік біле бермейтін өзгеше спорт түрлерін де айта кетуге болады. Кабадди ойынының басты шарты: қарсыластардың шекарасына өтіп, сол жақтың адамдарының бірін түртіп, кері қайтып келу керек. Ұсталып қалған жағдайда немесе қарсыластың қолы бірінші тиген болса, онда арғы бетке ұпай беріледі
Херлинг - футбол, бейсбол және хоккейдің бір арнаға тоғысқан түрі. Ирландықтар футбол жейдесі мен хоккейдің қорғаныш бас киімін киіп, қолдарына таяқ ұстап, өнер көр сетуге дағдыланған. Ойынның басты шарты карсыластың қақпасына доп соғып, көбірек ұпай жинау. Джай-алай - бадминтон мен гандбол ойынының қосындысы сияқты ойын. Басты шарты - шөмішке келіңкірейтін ракеткамен қарсылас жақтың қабырғасына доп соғу. кезегінде қарсылас допты жерге жеткізбей қағып алуы тиіс. Боссабол - Бразилиядағы жағалау волейболы. Айырмасы - батуттың үстінде секіріп ойнайды. Кәсіби ойыншы былай тұрсын, жай адамның өзі де шырқау биікке көтеріліп, керемет соққы жасай