2-тапсырма. Мәтінді оқып, қосымша ақпаратты анықтаңыз. Бақыт Сәрсекбаев Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткізді. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етіп ұшқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финалда Бақыт Сәрсекбай өзінің ежелгі қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңді. Жартылай финалда кездескен кәріс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкіл Куба халқының үміт артқан боксшысы Карлос Сураесті ойнап жүріп ұтты. Бақыттың бұған дейін де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Азия құрлығында екі дүркін чемпион атанған Бақыт былтыр Чикагода өткен әлем біріншілігінде бесінші орынға табан тіреген- ді. 2006 жылы Дохада жалауы көтерілген Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңіп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның иесі де осы Бақыт Сәрсекбай болды. A) Бақыт Сәрсекбаев олимпиада ойындары C) Әр елге саяхаты В) өмірі.

saschaalexandrova saschaalexandrova    1   12.02.2022 08:50    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi