2-тапсырма.Мәтінді оқып,мазмұнын түсініңіз. Мәтін бойынша кестені толтырыңыз. Кейіпкердің мінез-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз.
«Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» жыры екі бай Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп,құда болуынан басталады.Екеуі дос болып, әйелдері қыз туса,екеуі бірге туғандай сіңді болсын, бірімізден ұл,бірімізден қыз туса,екеуі ерлі-зайып болсын деп уәделеседі.Алайда аңнан қайтқанда Сарыбай аттан құлап,ұлын көре алмай мерт болады.Арада біраз уақыт өтіп,Қозы ержетіп,Баян бойжетіп,бір-бірінің жүзін көрмесе де,екеуі бір-біріне ғашық болады.Қарабай берген уәдесінен айнып,қызын жетім ұлға бергісі келмейді.Ол қызын бір кезде отарын жұттан құтқарған палуан Қодарға ұзатпақшы болады.Қос ғашықтың ортасына Қодар тосқауыл болады.Қызғаныштан өртенген Қодар айласын асырып,зұлымдықпен Қозыны өлтіреді.Сүйгенінен айырылған Баян қатты қайғырады.Қайткенде Қодардан өш алудың амалын ойластырады.Бір күні Баян сұлу Қодарға күйеуге шығатынын айтып,одан құдықтан су алып беруді өтінеді.Оның сөзіне сенген Қодар Баянның шашынан ұстап,құдықтың түбіне түсе бергенде,қыз бұрымын қиып жібереді.Осылайша Қодар қаза табады.Сөйтіп Баян кегін алады.
Жырдың негізгі идеясы
Жырдың кейіпкерлері
Қарабайдың
іс-әрекеті
Сарыбайдың өлімінің сипаты
Қодардың
іс-әрекеті
Баян сұлудың
іс-әрекеті