2-тапсырма Мәтінді оқып, мәтіннен келесі сөздердің синонимін, антонимін тауып жаз [ ]
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және
әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат
Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы
24 сәуірде Америка Құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын
Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу
жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс
кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық
көрсеткіштері бар. Соның бірі - Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған
жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының
әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
(125 сөз)
Үлкен (синонимі) -
Көбейеді (синонимі )-
Жиі (антонимі)-
3-тапсырма
Келесі сөздермен сөйлемдердер құрап жаз.[ ]
Су, өзен, тамшы, бұғаз, жинақ.
4-тапсырма
Келесі есептік сан есімдерді реттік, жинақтық, топтау сан есімдерге айналдырып жаз.[ ]
2; 13; 7; 232; 1967;
5-тапсырма
Су туралы мәліметтерді жинақтай отырып,
«Су- тіршілік көзі» тақырыбына диаграмма жаса[ ]