2-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой. «Ұлы Жібек жолы» - Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы. Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған теңгелер мен ділдаларды тапқан. Алматы қаласының маңындағы Талғар қаласының орнын қазған кезде Иранда жасаған қола табақ, қытай фарфоры мен жапонның фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар табылған.
«Ұлы Жібек жолының» бойымен саудагерлер Ферғананың әйгілі тұлпарларын, түйе, пілдермен қатар барқыт, жібек, мақпал, торғын маталарды, киім-кешекті және т.б. бағалы тауарларды сату үшін алып өткен. Осы жол арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты жеміс-жидек те саудаланған.
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы