2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, саяхат туралы ойларыңды толықтырыңдар.
Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін ғажайып жер-
лер өте көп. Көрікті орындармен танысуға, адамдармен жолығып
әңгімелесуге, халықтың салт-дәстүрін танып білуге, еліміздің
көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек біл-
дірушілер саны жыл сайын көбеюде. Бірақ саяхатшыларды тек
осы айтылған жайлар ғана қызықтыра ма? Әрине, олай емес. Сая.
хатшылықтың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтыру-
шылық және спорттық қызметтері де бар.