2- тапсырма.Мәтінді оқы,аудар.Прочитай текст,переведи . Қазіргі уақытта электр қуатын үнемдеу жаһандық мәселеге айналды. Электр қуатын үнемдеу 21 ғасырдың ең маңызды міндеттерінің бірі. Әлемдегі ең үлкен гидроэлектростансы Қытайдағы «Үш Бөгет» болып табылады. Бұл алып стансы миллиондаған қытайлық тұрғынды энергиямен қамтамасыз етеді. 2030 жылға дейін әлем халқы пайдаланатын энергияның мөлшері қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өседі деп болжанып отыр. Электр шамындағы энергияның 10 пайызы ғана жарық шығаруға жұмсалады. Қалған 90 пайызы энергия жылу шығаруға кетеді. Бүгінде электр үнемдейтін шамдар көп кездеседі. Олар 5-6 есе аз энергия жұмсайды. Тағы бір пайдалысы ол шамдардың ғұмыры кәдімгі лампадан қарағанда 8 есе ұзақ. Токты үнемдегенде ұялы телефон, ноутбук секілді құрылғылардың зарядтағышын токтан үнемі ажыратып отырыңыз. Басқа жаққа бірер күнге кетер болсаңыз шамды өшіріп қана қоймай, розеткадан телевизор, музыкалық орталық, DVD-ойнатқыштарды да ағытып кетіңіз. Розеткаға қосылып тұрған құрылғы энергия тұтынады.