2-тапсырма: Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі ойды білдіретін сәйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жаз.
Конгресс кітапханасы
«Кітап - білім бұлағы» немесе «Кітап - ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені - кітапхана. Кітапхана - білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар - кітапсүйер қауымның сүйікті мекені. Олай болса, әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалардың бірі - Конгресс кітапханасы туралы мәлімет беріледі.
Конгресс кітапханасы - Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттар Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны - 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы - Джеймс Х.Биллингтон.
Алайда кітапхана осы кезге дейін әртүрлі кезеңдерді бастан кешірді. Кітапхана бірнеше кезеңдерді
бастан кешіруі арқылы кітаптардың зардап шекті, тозуы, ақпараттардың жарамсыз болып қалуы сияқты
мәселелерге тап болды