2-тапсырма Мәтінді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау
Далабай- кедей жігіт. Етінің тірлігімен ол кедей болса да ерте үйленген. Оның үйінде әйелі, үйелмелі-сүйелмелі арасы жасқа толмайтын үш ұлы бар. Оның отауындағы аяқты мал: бір ат, бір лақты ешкі. Осындай шаруасы шағын болғасын, сол жылғы көктемде қазақтың бір байына егін салысуға жалданды. Соқа соңына он шақты күн түскеннен кейін, ол кенеттен қалпақтай түсіп ауырды да, жұмысқа жарамады. Далабайды үйіне апарып тастауға байдың "қолы тимеді". Байдың асқа тіккен құрым үйінің босағасында ол ыңырсып екі үш күн жатты.
Морфологиялық талдау: отауындағы, арасы, түскеннен, босағасында, ыңырсып