2-тапсырма. Мәтін бойынша өз бағдарламаңды дайында. Мен жақында Джеймс Лейн Алленнің « Дәл бүгінгі күннен бастап ... » деген тамаша бағдарламасымен таныстым . Ол өмірін жақсарту әр адамның өз қолында екенін айтады . Адам алдына нақты мақсат қойса , ол бәрібір соған жетеді . Бұл туралы ғалым былай деп жазыпты : « А өзінің айналасына , басқаларға деген көзқарасын , ниетін өзгертсе , олардың да бұған деген қатынасы өзгереді . Адам өзінің ой - пікірін ниетін өзгертсе , оның өмірі де өзгереді . Яғни , тағдырымыз өз қолымызда . Сондықтан да өз бақытымыз үшін өзіміз күресейік . Сіздерге өз бағдарламамды ұсынамын . Сонымен , бүгіннен бастап « Мен бақыттымын » деген сөзді басшылыққа аламын ; бүгіннен бастап мен өзімнің ой - өрісімді , білімімді кеңейтемін . Ой қозғауға күш беретін кітаптар оқимын ; бүгіннен бастап барлық адамға достық ниетпен қараймын . Адамдармен дауыс көтермей сөйлесемін , ешкімді сынамауға , ешкімге жөнсіз тиіспеуге тырысамын ; қарым - қатынас әдебін сақтаймын ; — бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап , күн сайын не істейтінімді жазып отырамын ; ерік - күшімді тәрбиелеймін қолға аламын ; Бәріміз осы бағдарламаны берік ұстансақ , өміріміз жақсарып , айналадағы адамдармен қарым - қатынасымыз ізгілікке , сүйіспеншілікке құрылатын болады » . Маған бұл бағдарлама ой салды . Оны достарыма көрсеттім . Бағдарлама достарыма да өте ұнады . Бағдарламада адамның тағдырында тілдің үлкен рөл атқаратынын көрсетілген . Мен бұл бағдарламаның тіл үйренуге де көмегі болатынына сенемін .

Виктури Виктури    3   10.09.2020 12:54    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi