2-тапсырма. Өлеңнен үзінді тыңдаңдар. Мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды
анықтаңдар. 138 - бет. 2- тапсырма (прочитайте стихотворение определите тему и
основную идею устно)
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі
жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен кызарып ажарланды.
Бұттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды... Абай