2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, етістіктерді табыңыз. Етістіктің құрамы, атқаратын қызметіне қарай талдаңыз. Арада азын-аулақ күн өткенде,
Жалықты түлкі босқа күзеткенге.
Қалғанын балапанның қағып салды,
Алдынан байқаусызда бір өткенде.
Құтанды келе жатқан көзі шалып,
Еңіреп тұрды түлкі қатты налып:
«Қасқыр жеп кетті тағы...» дегенді айтты,
Егіліп жеткізгендей өліп-талып.
Сұраған: «Кетті екен, — деп, — қандайын жеп
Құтанға көз түрткі боп қалмайын деп,
«Әлбетте, ұзын мойын!» — деді түлкі,
Төмпештеп қайта қайта маңдайын кеп.