2-тапсырма. Кестедегі тірек сөздер мен оқыған мәтіннің мазмұнына сүйеніп, жұпта «Күн жүйесінде» тақырыбына диалог құрастырып жаз. Жер, Ай, Күн- ғарыштық денелер. Олар ғарыш кеңістігінде орналасқан. Күн- Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз. Ол- лаулап жанып тұратын ғаламшар. Ғаламшарлар- Күннің төңірегін айналып жүретін ірі аспан денелері. Ғаламшар немесе планета латын тілінде (planetes) аударғанда «кезбе жұлдыз» деген мағына береді. Күнді 8 ірі ғаламшар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун айналып жүреді. Осылардың бәрі Күн жүйесінің құрамына «9 ғаламшар енеді» деген тұжырым болған. Ұзақ жылдар пікірталастан кейін дүниежүзі ғалымдары шағын ғаламшар- Плутонды жұлдыздар қатарына қосты. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар- Меркурий(Болпан). Ол күнді тез айналып шығады. Оның бетіндегі күндізгі температура +400̊ С-қа дейін жетсе, алтүнде шамамен -200̊С-қа төмендейді.