2-тапсырма: кесте толтыру. Көтерілістің барысы
уақыты
Болған оқиға
маңызы
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж.,туған жері Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері. — қайтыс болған жері 1846 ж. қазан 20, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Байұлы ішіндегі Жайық-Беріш. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.
Исатай Тайманұлы 1791жылы Атырау облысы,Қызылқоға ауданы Тайсойған құмындағы Тайман жалы деген жерде дүниеге келген.1838жылы Көшентоған деген жерде дүниеден өтті.
1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы .Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана "өлгенінше көпті соңына ерте алды" (Х.Досмұхамедов). "Тып-тыныш әлемде, қап-қара тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына отын шашып, жұртты таңқалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр -Исатай"- деп жазды орыс журналисі Н.Савичев