2-тапсырма: Көркемдегіш құралдарды атаңыз?.
1. Естіге айтқан сөз – шыңға тіккен ту,
Ессізге айтқан сөз – құмға сіңген су
Би деген – бұлақ
2. Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады. (Майқы би)
Бүркіт бол, заманың түлкі болса. (Әйтеке би)
3. Асқар тау сенде бір мін бар,
Асуға жол бермейсің.
Тасқан су сенде бір мін бар,
Өтерге өткел бермейсің.
Уа, билер сендерде бір мін бар,
Басқаға сөз бермейсің. (Әйтеке би)
4. Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қалмаса?
Хандықтан не пайда?
Қарашасын жалмаса.
5. Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағың.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың
Екінші – жиғаның
Үшінші – ырықсыз тұрағы.