2-тапсырма. Екі мәтінді түсініп оқып, стильдерін, тілдік ерекшеліктерін ажыратыңыздар.
Әке мен бала
Бір а ертіп, егін даласынан жаяу келе жатса,
жолда жатқан бір
ескі тағаны көреді. Ол баласына:
Балам, анау тағаны ала жүр, - дейді.
IMMM, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? - дейді еңкейіп, тағаны
алуға ерінген баласы. Әкесі үндемейді, тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді.
Қаланың бір шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен
соң, әкесі қайырылып, бағанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан
біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие
сатып алады. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп жеп,
баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан
бір шие жерге түсіп кетеді. Артында келе жатқан баласы жерге түскен шиені
жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, одан
кейін тағы бір шие, сонымен әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет
иіліп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып:
Балам, көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп
көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиені бiнеше рет еңкейіп
алдың. Бұдан былай есіңде болсын, балам, аз жұмысты қиынсынсаң, көп
жұмысқа тап боларсың, азды қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың,
деді.
2-мәтін
Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері.
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді.
Берекелі қазақ жері - ел мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі
Шілдехана бесік той
Тұсау кесер сүндет той
Ай, шіркін-ай!
Құда түсіп сырға салу
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы
Әнімен елтіп тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шыққан бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле,
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін​

МасенькаЗайка МасенькаЗайка    1   16.10.2020 12:58    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi