2-тапсырма. Берілген жағдаяттарға байланысты өз пікірлеріңді дәлелді жеткізіңдер. 1-жағдаят. Дастанда Кебек Нысан абызға бал аштырады. Өз тағдырының немен аяқталатынын біле тұра, Еңліктен бас тартпайды.
Сұрақ: Бұл Кебектің өз тағдырына немқұрайлы қарағандығы ма немесе ғашықтық сезімнің күштілігі ме, әлде өзіне деген сенімі зор болғанынан ба?
2-жағдаят. Еңлік бірінші рет көріп отырған жігітке өз тағдырын сеніп тапсырады.
Сұрақ: Бұл «Қызға қырық үйден тыйым» деген ата дәстүрімізге қайшы емес пе, әлде Еңліктің лажсыздығынан туындаған шешім бе?
3-жағдаят. Бірін-бірі қалтқысыз құлай сүйген Еңлік пен Кебек тәуекелге бел буып, қашып кетті. Кебек беделді рудан болғандықтан, өз туыстарына сенді.
Сұрақ: Қазақта «қыз алып қашу», «даулы жағдайда бітімге келу» деген бұрыннан бар. Еңлік пен Кебектің тағдырын шешуде неліктен екі жақтың ру басылары аяусыз қаталдық танытты?