2-тапсырма. «Берілген үзіндіде ақын қандай ой білдірмек еді?» деген сұраққа «Ақынның ойын тарқатсам...» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз (100 сөз) [5] Ол күнде қазақ мұндай жасармаған, Құл мен күң қожасынан аса алмаған. Жарлыға, жалғызға да дес берді ме, Жыландай ысқырынған зәһар заман. Керексіз кісі болған ол заманға, Қайткенмен бір жұмбақ сыр бар Ақанда. Ез болмай, елге сыймай кім тұра алған, Жалғыз боп жанаса алмай барлық жанға

Katri1921 Katri1921    1   12.02.2022 10:35    543

Ответы
дашикмашикпык дашикмашикпык  22.09.2022 05:59
Бай-байлап «Құлагер» əн бебеу қақты, Талда құс, белдеулерде бедеу қатты.

Зарлы əнін «Құлагердің» жылқышылар Сүйеніп құрығына тыңдап қапты.

Жолшыбай жол көп елді аралатты, Бұрылмай бас өңгерген баран атты, Керең түн кең даланы күңірентіп, Бай-байлап «Құлагерге» бара жатты.

Көргенде Көкшетауды дерті қатты, Жүрген жер Құлагермен жанға батты. Кетер түн Құлагердің жатқан жерін Құшақтап, жер бауырлап, жылап жатты.

Тау мен тас жоқтағандай Кер құла атты, Бар бұлақ көлге суын бауырымдатты.

Кірсіз жер, кінəсіз жел жылы ұшырап, Құланың қазасына көңіл айтты.

Ардақтап ат байлаған бір ағашын, Қастерлеп Құлагердің ілді басын; Аңырап ағыл-тегіл боп отырды, Көзінің омырауына құйып жасын.

Көкшенің күйіндіріп тауын, тасын, Күңірентіп сай-саласын, көлдің басын. Ат жанды, аяулы аттың иесі Ақан, Жоқтады жұбанбастан кер Құласын.

Кей-кейде жауын болып, жылап ақты, Кей-кейде дауыл болып соқты қатты; Кей-кейде күңіреніп, көлдей толқып, Кей-кейде қу ағаштай құлап жатты.

Кей-кейде əнге шырқап өлең айтты, Кей-кейде томсырайып тастай қатты. Қылғандай қайыңды қос, тасты төсек, Аһылап, ағаштағы бастай қатты.

Жаз өтіп, жапырақ солып, күз де бопты, Қуартып жасыл жерді, қазан соқты.

Күйкиіп Көкшетаулар күпі киіп, Жайлауда тышқан аңдып, түлкі жортты.

Күзгі ауыл сары от іздеп, қуды қоқты, Қозы, лақ өсіп – бопты шыбыш, тоқты. Жиналып желі, ноқта, саба сорғып, Ызғырық естіртеді ойда жоқты.

Ақанның көңілі осы күздей болып, Қазасы Құлагердің өткен соғып, Көңілінің Көкшетауы қуаң тартып, Қызығын қайғы орағы кеткен орып.

Құланың қайғысынан қатып, семіп, Қурай боп екі-үш айда қалған шөгіп. Құлауға құйын соқса оп-оңай тұр, Құрт жеген құба сөңкел секілденіп.

Ақанда қызық та жоқ, сауық та жоқ; Оларды іздеп, жұртпен жауықпақ жоқ. Қапыда қатты тиген сол соққыдан Қираған жан қанаты сауықпақ жоқ.

Жар да жоқ, жалын да жоқ, жақсы ат та жоқ, Оларды енді көксер мақсат та жоқ.

Күңіренген күні-түні «Құлагерге»,

Асқақ əн, əсем үнді зар жақ та жоқ.

Кеткендей қызық тарқап, қаны суып, Айдаған айдалаға жаны қуып.

Жап-жалғыз тауды, тасты мекендеген, Жанына жолатқызбай жанды жуық.

Өмірден жиіркеніп көңілі суып, Қалғандай айналадан өзге туып. Жатады жанды көрмей жапан түзде, Көліне Бурабайдың кірін жуып.

Баурында Оқжетпестің бір шоқ қайың, Жүреді сонда Сері келіп дайым.

Ілулі сол қайыңда тұрған қу бас, Қобыздай ызылдар жел соққан сайын.

Басында айтамыз деп бастың жайын, Əңгіме қылдық, білем, астың жайын. Мынау бас – Құлагердің қу басы еді, Мынау шал – Ақан жалғыз, қашқындайын.

Қайыңның қасына кеп жүрген Сері, Байлаулы Құлагердің тұрған жері. Сол жерді тауап қылып оқта-текте, Кетпейді осы арадан сонан бері.

Əн болып Көкшетаудың күңіренгені, Сөз болып жат мінезі, шерткен шері; Кетіпті елдің аузы əуезе қып:

«Жын құшып, жалғыз жүрген Ақан – пері».

Өтті күн. Қалды ағашта бас қуарып, Қатайды Сері, сақал-шаш қуарып. Серіксіз, елсіз, малсыз, елсіз тауда Өткізді өмірін ол, басқа қуанып.

Тентіреп тауда ұдайы, таста қаңғып, Оты өшкен, бойында жоқ жас құмарлық. Басар жер, барар тауы - Бурабай боп, Бейшара бағып өткен басты мал қып.

Шүйке шал, аузы ұрадай опырылған, Су мұрын, қу ұрты шұқырайған.

Боз бура бір күндегі тасқа шөгіп, Шал отыр қу қайыңда мықырайған.

Келсаптай тұзды түйген бас ағарған, Түздегі қу бастайын жақ қуарған.

Бетіне ел көшкендей сүрлеу түсіп, Шөлдегі шыңыраудай көз суалған.

Жігіттің бір күндегі Көкшетауы, Күрсінткен көп сұлудың «Көкем-ауы». Жаңғыртқан жақсы жерді, жалпақ елді, Əсем үн, аспанға өрлеп салған əні.

Бір күнде болған жігіт жан жайлауы, Қайда оның күлкі, ойынмен жайнаңдауы? Құлазып күзді күнгі Көкшетаудай, Қызықтың көшіп кеткен capжайлауы.

Көңіліне Құлагерден құйылып мұз, Күйкиіп отыр таста Ақан байғыз.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi