2 - тапсырма Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Отан отбасынан басталады» тақырыбында
диалог құрастырыңыз.
Тірек сөздер:
Менің отбасым, қала, Отан-тарих, Отан-тіл, Отан алдындағы борыш (долг).​


2 - тапсырма Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Отан отбасынан басталады» тақырыбындадиалог құраст

AnnaMax111 AnnaMax111    2   25.09.2020 17:21    9

Ответы
Vil67 Vil67  25.10.2020 17:24

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.

«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!

Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.

Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!

Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi