2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейлеген. Қазақтар киіз басып , сырмақ жасау кесте тігу , алтын-күмістен әшекей жасау технологиясын керемет меңгерген.
Қазақ жерінде өмір сүрген массагеттер барлық затты әшекейлеген. Ол туралы Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Соғысқа қажет құралдары , оқтары мен айбалталары мыстан жасалған. Баскиім , сәукеле, белдік, әшекейлері алтын-күмістен , асыл тастардан жасалған. Сондай-ақ ат әбзелдері ,құрал-сайманы мыстан жасалған, ер-тұрманы алтынмен әшекейленген»,-деп жазады.
Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды , жиһаз, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен әшекейлеген. Ою-өрнек – Ұлы дала өркениетінің бір түрі.
А) Қолөнердің түрлерін және неден жасалғанын жаз. Запиши виды рукоделья и из чего их делали.
№ Қолөнердің түрлері Неден жасалған ?
1 Киіз басу, сырмақ жасау Қойдың, түйенің жүнінен жасаған .
2
3
4
5
(4ұпай)
Ә) Сөйлемдерді толықтырып жаз. Дополни предложения .
1. Зергелер әшекейлерді , жасаған.
2. Әжелеріміз жүннен , басып, тоқыған.
3. Шеберлер ағаштан , , жасаған.
(3 ұпай)

Mila672 Mila672    3   29.04.2021 14:56    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi