2-тапсырма.Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға перифраз түрінде жауап беріңіз: Көксерек ешкімге өзі ізденіп тиіспейді. Ит баласына заты қастай жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса келеді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді. Сол мінезін байқаған үлкендер:

- Енді мұны өлтіріп, терісін алу керек; осы кәпір түбінде ел болмайды, - дейтін де болып еді. Бірақ Құрмаш көнбеді.

Қара ала төбеттің иесі Жұмаш бала жаз бойы Құрмашқа:

- Қасқарың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап соғады. Арашаламасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді,- дейтін.

Бір күні түсте Құрмаш Көксерекке ас құйып тұрғанда, үйдің көлеңкесінен қара ала төбет шыға келді. Ол бірден Көксеректің бүйір жағынан келіп арс етіп, қауып түсті.

Көксерек «гүрр» етіп, қара ала төбетті алқымынан ала түсті. Төбеттің мойнын бұрғызбастан тістеп, жұлқып-жұлқып жібергенде, төбет жерге сұлап түсті.

Сұрақ Жауап

Көксерек иттерге неге жібімеді?

Үкендер Көксерек туралы не дейді?

Көксерек пен қара ала төбет қалай кездесті?

krskapoval krskapoval    3   01.03.2021 09:04    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi