2- тапсырма. берілген мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңдар. выполните задания по тексту. а) мәтінді оқып, қою әріппен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңдар б) асты сызылған сөздердің синонимдерін жазыңдар. ілияс жансүгіров «күй» поэмасын 1929 жылы жазды. бұл — ақынның өнер тақырыбындағы алғашқы поэмасы. поэманың сюжеті бар. поэманың сюжеті халық арасындағы «бозінген» аңызына негізделген. поэманың кейіпкері — қобызшы молықбай шал. поэмада ақын қобызшы молықбай шалдың айтқаны ретінде аңызды әңгімелеп береді. баяғыда сыр өзенінің бойында «бағлан» деген бай болыпты. оның маңғаз боз інгені болады. бір күні боз інген боталайды. ұрылар ботаны ұрлап, боз інгенді керуенге сатып жібереді. боз інген ботасын іздеп, зарлайды. молықбай қобызшы күй арқылы боз інгеннің зарын шебер жеткізеді. ақын молықбай шалдың өнері арқылы халықтың өнерін көрсетеді. халық арасындағы ғажайып өнерді жырлайды. өнердің құдіретін, эстетикалық күшін танытуды мақсат еткен. ілияс жансүгіровтің поэманы жазудағы негізгі қағидасы — өнердің құдіретін көркем сөзбен жеткізу болды. ақын сол мақсатына жеткен.