2-тапсырма. Баптарды оқып, тезис жаз. 19-бап:
1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға, қай дінге жататынын өзі анық-
тауға, оны көрсетуге не көрсетпеуге хақылы.
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие,
оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқы бар.
24-бап:
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таң-
дауына құқы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше
жағдайда, соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағ-
дайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқы бар.
3. Әркімнің тынығуға құқы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндер-
ге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және
мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
39-бап:
1. Адамның, азаматтың құқығы мен бостандығы конституциялық құры-
лысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын,
халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті ша-
мада ғана тек заңмен шектелуі мүмкін.
2. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет «Конституцияға ке-
реғар» болып танылады.​

albekova1 albekova1    3   03.12.2020 06:59    119

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi