2-тапсырма. "Бақытсыз Жамал" романындағы кейіпкерлерді сомдауда жанама мінездеуді ажыратыңдар 1. Сәрсенбай бір тоқал алуды ойлайтын, бірақ Қалампырдан аса алмай, әне- міне деп жүретін,
2. Сәрсенбайдың жуас, қорқақтығы Шолпанға бұрыннан мәлім,... сол түннен былай Жамал хақында Шолпан онымен ешнәрсе сөйлеспейтін болды.
3. Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау Ғали есімді жігіт еді.
4. 14-15 жасқа келген кезде Жамал, бір жағынан елді сұлулығымен таңырқатқан қыз болса, екінші жағынан əнші, өлеңші, домбырашы, ашық, сауықшыл қыз болды.