2-тапсырма. Айтыс үзіндісінен көркемдегіш сөздер мен тұрақты тіркестерді тауып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсіндіріңдер. Сөйлеу этикетінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері болады. Оған жете мән берілмесе, жылы шырай, жақсы қарым-қатынасқа жарықшақ түседі. Отбасында, ұжымда дәстүрге айналған ізетті сөз, сыпайы мінез адамның көңіл күйіне, тіпті еңбек өнімділігіне де әсер етпей қоймайды.