2-тапсырма. Айтыс үзіндісінен көркемдегіш сөздер мен тұрақты тіркестерді тауып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсіндіріңдер.
Сөйлеу этикетінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері болады.
Оған жете мән берілмесе, жылы шырай, жақсы қарым-қатынасқа
жарықшақ түседі. Отбасында, ұжымда дәстүрге айналған ізетті сөз,
сыпайы мінез адамның көңіл күйіне, тіпті еңбек өнімділігіне де әсер
етпей қоймайды.