2-тапсырма. Қате берілген ақпараттың астын сыз (Подчеркни неверную информацию): - Ол математиканы бес жыл зерттейді;
- Ол бай отбасында туған;
- Ол астрономияны тастап кетеді;
- Оның анасы музыкант болған;
- Ол өмір бойы Пиза қаласында тұрады;
- Ол Евклидке қарсы еңбек жазған.
Текст:
Галилей Галелео – италиялық физик, механик, астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы. Кедейленген ақсүйек отбасында туған. Әкесі Винисицо белгілі музыкант болған. Галилейдің үлкен оқымысты болуына әкесінің ықпалы тиген. Он бір жасына дейін Пиза қаласында тұрып, кейін отбасы Флоренцияға көшеді. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилео медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын одан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы «Қозғалыс туралы сұхбат» деген еңбек жазады. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 – 1610 жж). Галилейдің шығармаларының кемеліне келген шағы болатын.