2-тапсырма. А) Мәтінді оқып, тақырыбын анықта.
Ә) «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығын қалай түсіндіре аласың? 3-4 сөйлеммен ойыңды жаз.
Б) Мәтіннен етіс жұрнағы жалғанған етістіктерді теріп жазып, түрлерін ажырат.
Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде. Дүние жүзінің көптеген елінде су сатушылар үйреншікті көрініс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде отбасы табысының 10 пайызы су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір өңірлерінде су алыстағы таудан тасылып әкелінетіндіктен қымбат бағаланады. Су цистернамен әкелінетін ауылдар өз елімізде де кездеседі.
Гонконг, Сингапур суды көрші елден сатып алады. Австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германияға апарып, 2 литрлік қағаз құтыларға құйып сатады. Жер шарында тұщы су қорының шектеулі екені анық байқалады. Сондықтан «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығын әр уақыт есте ұстаған абзал.