2-тапсырма.  А) Мәтінді оқып, мәтін бойынша төрт проблемалық сұрақтар құрастырып жазыңыз.[4]

Экологияны ірі кәсіпорындар бүлдіреді

Қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамды толғандырып отырған мәселелердің бірі – өндіріс орындарынан алынған экологиялық төлемдердің көп бөлігі қоршаған ортаны қорғауға емес, басқа бағыттарға жұмсалуы. Сондай-ақ кәсіпорындарды «жасыл» технология енгізуге, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуге ынталандыру өз шешімін тапқаны жөн...

Былтырғы 28 қарашада Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу» тақырыбында Үкімет сағаты өткізілген-ді. Онда біраз мәселе қаралған еді. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі, сенатор Әбдәлі Нұралиев сол жиында қаралған мәселелер жөнінде қысқаша былай деп еске алады: «Министр сенаторларға Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама аясында 2030 жылға қарай елдегі қалдықтарды өңдеу үлесі 40%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізілуге тиіс екенін хабарлады. Өз сөзінде Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу мәселелерін шешу ісіне баса назар аударып, экологиялық проблемаларды шешу үшін, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар Д.Назарбаева Қазақстан аумағында орналасқан радиоактивті қалдықтар проблемасын өз алдына жеке қозғады. Ал Сенаттың аталған комитетінің төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде елімізде өндірістік және тұрмыстық қалдықтар бойынша мониторингті, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесі іс жүзінде жоқ екенін атап өтті. Бұл елдің тұрақты дамуына кедергі келтіретін жайт...».​

07Лизочек07 07Лизочек07    1   27.10.2020 14:24    2

Ответы
kirill877 kirill877  26.11.2020 14:25

1)Бұл мәтін қандай елдің дамуына кедергі жасаған?

2)Экологияны қандай кәсіп бүлдіреді?

3)2050 жылға қарай неше процент ға дейін дейін жеткізілуіне тиіс екенін хабарлаған?

4)2030 жылға қарай елдегі қалдықтарды өңдеу үлесі неше процент ға ?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi