2-тапсырма. *1-жағдаят.* Дастанда Кебек Нысан абызға бал аштырады. Өз тағдырының немен аяқталатынын біле тұра, Еңліктен бас тартпайды.
*Сұрақ:* Бұл Кебектің өз тағдырына немқұрайлы қарағандығы ма немесе ғашықтық сезімнің күштілігі ме, әлде өзіне деген сенімі зор болғанынан ба?
*2-жағдаят.* Еңлік бірінші рет көріп отырған жігітке өз тағдырын сеніп тапсырады.
*Сұрақ*: Бұл «Қызға қырық үйден тыйым» деген ата дәстүрімізге қайшы емес пе, әлде Еңліктің лажсыздығынан туындаған шешім бе?
*3-жағдаят.* Бірін-бірі қалтқысыз құлай сүйген Еңлік пен Кебек тәуекелге бел буып, қашып кетті. Кебек беделді рудан болғандықтан, өз туыстарына сенді.
*Сұрақ*: Қазақта «қыз алып қашу», «даулы жағдайда бітімге келу» деген бұрыннан бар. Еңлік пен Кебектің тағдырын шешуде неліктен екі жақтың ру басылары аяусыз қаталдық танытты?