2-тапсырма 1. Хатты оқып, оның құрылымы мен рәсімделуі, тілдік ерекшеліктерін көрсетіңіз. Досыма хат Ардақты менің «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері атанған журналым! Мен сізбен бірінші сыныптан бастап доспын. Менің сыныптастарым да сізді жалықпастан кызыға оқу үстінде. Үнемі сынып сағатында уақыт тауып осы журналдағы өзіммен қатар құрбылырымның мақалалары мен өлеңдерін оқып, талқылау барысында менің журналға деген қызығушылығым арта бастады. Оған ұстазымыз Гүлзира апай себеп болды. Сіз менің ішкі сырымды айтатын досыма айналғандайсыз. Менің өзіңізге жазған хатымды журнал бетіне жариялайсыз деп сенемін. Сіздерге сәттілік тілеймін! Мен осындай бірлігі мен татулығы жарасқан «Мәңгілік Елде» туғаныма ризамын және бақыттымын. Сəлемен Бейбарыс БЕГАЛЫ