Отбасы – әрбір адамның жылы ұясы, құтты мекені. Шыр етіп осынау өмірдің есігін ашқаннан кейін, а отбасындағы жандардың мейірімі мен махаббатына бөленіп өседі. Сәби шағыңда сол мейірім мен махаббат қаншалықты берілсе, сенің өмірге деген махаббатың да соншалықты болмақ.. Өйткені отбасы жылуы сенің өміріңнің қалыптасуының бірден бір баспалдағы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығы бар. Қанатың қатайып, өз ұяңнан ұшқанда, сенің қаншалықты тәрбие алғаның, ақылың мен парасатың айқындалады. «Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз. Ізгілкпен жасалмаса кемеңіз» деген Рудакидің сөзі бар. Кеме дұрыс болмаса, суға кететініңіз сияқты, отбасындағы тәрбие дұрыс болмаса, жаныңа жылу бермесе, өмір атты теңізде де дұрыс жүзе алмайсыз. Сондықтан әр адам отбасы жылуын сезінуі тиіс. Мейлі ол бала болсын, мейлі ол ана болсын, мейлі ол қарт болсын, ол отбасының мейрімі мен махаббатына бөленуі керек.
Отбасы – шуақ мекенім