2. Мәтіндегі төл сөздерді төлеу сөз түрінде жазыңдар. Жыл санаудың күнтізбелік жүйесі бұдан 5-6 мың жыл бұрын Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болған, - деді Күләш. Әли: - Иә, Ежелгі Вавилонда Айдың қозғалу ерекшелігіне негізделген күнтізбе жасалған. Ол «Ай күнтізбесі» деп аталған, - деп жалғастырды. Олар аспан денелерінің қозғалысын бақылап, жылына екі рет күн мен түннің теңесетінін білді, – деп жарқынай да өз ойын ортаға салды. Күн мен түннің көктемдегі екі рет теңесуінің арасы бір жыл деп саналды. Оның ұзақтығы 365 тәулікке тең. Осылайша жыл санау жүйесі дүниеге келді, – деп қорытындылады Әлішер.