2. Мәтіндегі ойды талдап, аралас құрмалас сөйлемдерді табыңдар. Өркениеттер қақтығысы америкалық саясаттанушы
Сэмюэл Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжы-
рымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 жылы Хан-
тингтонның «Өркениеттер қақтығысы» мақаласында кел-
тірілді, қысқа мерзім ішінде бірнеше тілге аударылып, қызу
пікірталас тудырды.
Өркениеттер тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар және т.б.
ортақ белгілері бойынша сипатталады. Осы орайда, автор
әлемдегі батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық,
индуистік, православиелік, славяндық, латын америкалық
және африкалық өркениетті ерекше атап көрсетеді. Автор-
дың пікірінше, қырғиқабақ соғыс аяқталып, кеңестік одақ
ыдырағаннан кейін, әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы
жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады.
«Әлем өркениеттері» кітабынан