2. Мәтінді оқып, саяхаттың негізгі түрлерін атаңдар. Біздің елімізде көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек, тана-
жайып орындармен танысуға, халықтың салт-санасын, дәстүрін танып-білуге,
еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға ниет білді-
ретін саяхатшылар көп.
Жалпы, саяхатшыларды осы айтылған жайлар ғана қызықтырмайды. Сая-
хаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық қызметі бар
екенін естен шығармауымыз қажет. Саяхат - тынығудың ең негізгі түрі ғана
емес, сондай-ақ дене тәрбиесі мәдениетіне тәрбиелеудің құралы. Жаяу, шаң-
ғымен, қайықпен, атпен, велосипедпен, т.б. жүру арқылы белсенді түрде орын-
далатын жорықтар адамды жинақылық пен ширақтыққа үйретеді. Жорық
кезінде саяхатшы жол жүру дағдыларын бойға жинауға, таныс емес жерлерде:
ормандарда, тауда дұрыс бағыт ұстай білуге, жаңа, белгісіз жайларды іздеп
тауып, ашуға, оларды бақылауға, есте сақтауға үйренеді.​

карольчик1 карольчик1    1   22.04.2021 21:57    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi