2. Мәтінді оқы. Талап
Кеше мәшинемен аулаға теңіздің ақ қиыршық құмы
төгілді. Қатар-қатар үйілген төмпешік құм жоталанып жа-
тыр. Балалар кешеден бері мәз-мейрам. Шымыр денелі,
пысығы — кішкентай Нұрталап. Таудай құмның бауырың-
да екі ғарыш кемесі тұр. Біреуінде «Сұңқар», екіншісінде
«Аққу» деген жазу бар. Кемелердің бүйірлері күнге ша-
ғылысып, жарқ-жұрқ етеді.
Нұрталап Қаматов қайсың? – деп сұрады арнаулы ба
.
қылау аппаратында отырған Задагүл.
— Мен!.. – деді үстіне ғарышкер киімін киген өткір көзді
қара бала.
Дәрігер ғарышкердің жүрегін тыңдап, тынысын байқады.
Сонан соң ауланың ортасындағы әткеншекке айналдырып
сынады. Нұрталап сыннан бөгетсіз өтті.
Жарайсың!.. – деді Задагүл.
Қандай қиыншылық
болса да, төтеп бере аласың.
Нұрталап дәрігердің ақыл-кеңесіне дән риза. Екі езуі екі
құлағында. Масаттанып тұр. Достарымен қоштасқан соң
ғарыш кемесіне мінуге оңтайланып еді, «Нұрталап!» деген
дауыс естілді.
Ол жалт бұрылып:
— Ау! Мен мұндамын! – деді.
Апасы балконнан қарап тұр екен.
Мектепке баратын уақытың болып қалды. Үйге кір.
Жуын. Тамақтан. Бол, тезірек!
Нұрталап шешесінің шақырғанына қынжылып, қабақ
шытты. Мұны байқаған Задагүл:
— Жарайды, бүгін демал! Ертең міндетті түрде ұшасың!
деді.
Нұрталаптың жүзінен қуаныш сәулесі жарқ ете қалды.
Сағындық Турдалиев
• Мәтінге жоспар құрып, мазмұндама жаз.​

pilipuyk pilipuyk    1   22.04.2021 07:34    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi