2.Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі ойын сақтай отырып, көлемін шамамен 30-40 сөзге дейін ықшамдаңыз. «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі - әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, шқанда соны ілесің. Отбасы - ол да бір шағын ғана мемлекет.
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.
Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.