2. Мәтін ішінен қарамен жазылған етістіктердің түбірін тауып , шартты рай етістігінің жұрнағын жалғаңыз . Осы етістіктерден тақырыпқа қатысты шартты райлы 2 сөйлем құрастырыңыз . « Жерұйық » фильмі 2011 жылы жарық көрді , бірақ Кореяда ресми түрде алғаш рет көрсетілген еді . Фильм еліміздегі ірі киностудиялардың бірінде корей тіліне аударылып , титрленген . Оған екі ай уақыт қажет болды , дейді мамандар . Әрине , ерекше атап өтуге болатын қазақ фильмдері аз емес . Дегенмен , орны бөлектері бір тебе . Мәселен , запыран заманның зарын бере алған « Жерұйық » фильмі зорлық - зобаланды шебер бейнелей алғанымен құнды . Бұл көркемфильм 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы , Үштебе ауылында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы десек те болады . Бірақ фильмнің сценарийін Тәуекел бірлесе отырып жазган екен .