2- мәтін. Курчатов қаласындағы ядролық зерттеу орталығы. Аса қауіпті радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған зертхана. Жердің астында бункерде орналасқан. Бункер екі аймаққа қалыңдығы 20 сантиметр қорғасын тотығы қосылған радиоактивті сәуле өткізбейтін шынымен бөлінген.

Орындық үстінде отырған ғалымдар шынтақтарын төбеден түскен білектей жуан буындары  бар  ілмектерге   креслоның   қанаттарына   тіреп   отырғандай.  Ілмектер қолдың

буындарының   қимылына   сәйкес   дәлме-дәл   қозғалады.   Әр   ілмек   басында қайшының

тұтқалары тәріздес көздері бар. Оператордың үлкен және сұқ саусағы осы көздерге киілетін. Шынының арғы жағындағы ілмек жасанды қолға айналатын. Тек басында саусақтар орынына тістеуік басына ұқсас қапсыра ұстауға арналған тістері бар манипулятор. Қозғалыс көшірмесін жасайтын манипуляторларды басқарған үшін оператор роліндегі ғалымдар «бір- бірін қуыршақ жүргізуші» деп қалжыңдасатын. Қуыршақ театрында жансыз қуыршаққа артист жан бітіреді. Көрермен жан дүниесіне жол салады. Ғалымдар басқаруындағы металл қолдар жанды дүниеге тиым салынған ортаға жол ашты.

Зертханада жоспар бойынша екі ғалым тәжірибелерін жүргізуде. Бірі жиырма жастағы жігіт. Тік маңдайынан түскен кекілі бар. Бет жүзінің қырлары тік. Ұзын сорайған мойыннан ақ халат киім ілгішке іліп қойғандай кең иықтарынан салбырайды. Екіншісі орта жастан асқан бет жүзі дөңгелек келген ересек адам. Қою қасты, қырғи тұмсығына көзілдірігін іліп алыпты. Қасында манипуляторды басқарып отырған жас ғылымның қимылын бақылап отыр. Іштей қобалжығанынан ба? Оң жақ құлағының ұшын ұстай береді ​


2- мәтін. Курчатов қаласындағы ядролық зерттеу орталығы. Аса қауіпті радиоактивті заттармен жұмыс іс

wami56 wami56    2   04.05.2021 11:55    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi