2-мәтін Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері.
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді.
Берекелі қазақ жері - ел мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана бесік той,
Тұсау кесер сүндет той,
Ай, шіркін-ай!
Құда түсіп сырға салу,
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы
Әнімен елтіп тербеткен
Ер жігітке жарасады озып шыққан бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа шашбау сәукеле
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін
2. Екі мәтінді қайталап оқыңыз. Түсіп қалған тыныс белгілерін тауып, тиісті орнына қойыңыз. Мәтіндерде кездескен екпін түрлерін анықтаңыз.