2. Өлеңде нүкте өзі туралы не айтқан? Мен сөйлемнің соңында тұрам, Солында емес, оңында тұрам. Сөйлемдердің жігін ажыратып, Кідіріс белгісі орнында тұрам. Тиянақты ойдың біткенін білдірем, Сөйлем соңына таман Дауысымды бәсеңдетіп үлгерем. Маған кідіріп дем аласың, Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын?! «Қызықты грамматика» (