2. Қиысу Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысуы, сөздердің жіктеліп барып қолданылуы қиысу деп аталады. Мысалы: 1. Мен жаза-мын, біз жаза-мыз, сен жаза-сың, сендер жаза-сыңдар, сіз жаза-сыз, сіздер жаза-сыздар, ол жазады; мен дәрігер-мін, біз дәрігер-міз, сен дәрігер-сің, сендер дәрігер-сіңдер, сіз дәрігер-сіз, сіздер дәрігер-сіздер. Мұнда екі сөз (бастауыш пен баяндауыш) бір-бірімен жекеше және көпше жіктік жалғаулары арқылы байланысқан. 2. Сен- жұмысшы. Мен – мұғалім. Ол оқыды. Мұнда екі сөз өзара жақтық мағына арқылы байланысқан. Қазақ тілінде есім сөздер мен етістік сөздер де, етістік сөздер мен есім сөздер де қиыса береді. ІІ жақта есім мен етістік арасында көптік қиысу (жіктік жалғауының көпше түрін қабылдау) болмайды. Мысалы: Ол оқиды. Олар жазады. (Олар оқиды-лар, олар жазады-лар деп көптік жалғауын қосып айтуға болмайды). Есте сақта! Қиыса байланысқан сөз тіркестерінің сыңарлары бастауыш және баяндауыш болады. Қиыса байланысудың құралы жіктік жалғауы болса, қиысу сөз тіркесін емес сөйлем түзеді. Мысалы: Мен жазушымын. Сен баласың. Біз барғанбыз. (6) Мәтіннен қиыса байланысқан сөз тіркестерін табыңдар. Етістікті сөз тіркестерін теріп жазындар.