2. Екі топқа бөлініп, төменде берілген мерекелерге жоба құраңдар. Жобада қамтылатын мәселелер:
жобаны ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау;
шараның мақсаты мен жоспарын айқындау;
күтілетін нәтиже.
.
.
1995 жылы Парижде өткен Бас Ассамблея конгресінің
шешімімен 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық
құқықты қорғау күні болып белгіленді.
Ал 1967 жылдан бастап Балалар кітабы бойынша халық-
аралық кеңестің шешімімен Данияның әлемге әйгілі ерте-
гішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай 2 сәуір
«Әлемдік балалар кітабы күні» болып белгіленген.
3. Оқылым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп
алып, жинақы мәтін түрінде жазыңдар.
4. Өз мәтіндеріндегі үстеудің түрлерін ажыратыңдар.
5. Мектеп кітапханасы немесе өзің оқырманы болып табылатын
кітапхана туралы кітапханашыдан сұхбат алып, диалог түрінде
жазыңдар.