2. Дос емес, достың сөзін бөтен десе, Арадан достық не ғып табылады,
Саған да бір іс тауып етем десе.
Дос емес, достың сөзін көтермесе,
Салған жерден түбіңе жетем десе,
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Достықтан бір өкпемен кетем десе
1. Жан қиы дос болсаң,
Сыйласумен жүрерсің.
Шашылып жатса сыртынан,
Жинасумен жүрерсің.
Ұзатпай хал сұрасып,
Жақындасып жүрерсің.
Жақсы, жаман іс болса,
Ақылдасып жүрерсің.
Кемісі болса кешіріп,
Татуласып жүрерсің.
Сырттан айтқан сәлемін
Мақұлдасып жүрерсің...
Болмашыға сыр берсе,
Бұқаша көз сүзерсің.
Ақырында айтысып,
Достан күдер үзерсің.
Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,
Жуырда түрткеніне жарылмайды.
Жақсы-жаман айтты деп елемейді,
Бақ-дәулет сол адамнан айырылмай
Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықты іздеп тұрар,
Жөніне татулықтың шабандамас.
өлеңде карамен жазылған сөздердің қайсысы атау,қайсысы фразеологизм,қайсысы антонимдік қатарларын жаз