2-деңгей . Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ақпараттарды өздеріңе таныс ақпараттармен байланыстыра талдаңдар.
3-деңгей.
Қазақ халқының металл өндіру мен өңдеуді ерте заман- нан кәсіп еткенін дәлелдеп, «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазыңдар.
мәтін:
Отырар алқабында қола мен мыстан түрлі әшекейлер, тұмарлар дайындалған. Екі жағында бірдей бедерлі бейнеле- рі бар қоладан жасалған медальон өте қызықты олжа болып табылады. Оның бір жағында – садақ тартқан аттылы адам мен аттың жанында жүгірген ит; екінші жағында бүктетіліп Гравюра — бедерлеп сурет a салу. жатқан айдаһар бейнеленген. Бұл бейнелер XIII-XIV ғғ. қол- данбалы өнер ескерткіштерінде жиі кездеседі. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда табылған сол сияқты бірнеше медальондар белгілі. Асыл металдармен (алтынмен, күміспен) және қымбат бағалы тастармен жұмыс істеген зер- герлердің жасаған бұйымдары көрген адамды қызықтырады. Қазба жұмыстары кезінде сырға, білезік, жүзік, сақина тәріз- ді бұйымдар табылды. Зерттеушілердің назарын өзіне аудар- ған бұйымның бірі жыланды өлтіруші адамның бейнесі гравюра тәсілімен безендірілген жүзік.