2. Аудиожазбадан (06.mp3) «Су аяғы құрдым» мәтінін тыңдап, негіз- гі және детальді ақпаратты табыңдар. Оларды шынайы өмірмен байланыстырып, бір-біріңе сұрақ қойыңдар.

alecsYouTube alecsYouTube    2   05.02.2022 09:05    9

Ответы
dimakalabin dimakalabin  26.03.2022 00:14

06.mp3 

Су аяғы құрдым 

Жер  жүзіндегі  сияқты  көк  аспанда  да  күміс  өзен,  көк  теңіз  бар.  Осы  өзен  тасып,  көк 

теңізі  толқығанда,  жер  бетіне  жаңбыр  жауады.  Жер  жүзіндегі  сулардың  басы  асқар  таулар 

арқылы аспандағы көк теңізі мен күміс өзенге жалғасады. Көк төсінен жерге келген сулар – 

бастау,  бұлақ,  жылғалар  –  бірі-біріне  қосылып,  аға-аға  телегей  теңізге  құяды.  Одан  соң 

жердің астына өтеді. Осылай ұдайы аққан су, ең соңында, су аяғына барады. Сулар аға-аға су 

аяғына жеткенде, сол арадағы оппаларға құйып, мүлде құриды. 

Басы  көк  аспаннан  басталып,  бүкіл  жер  бетін  саяхаттай  ағып,  ең  соңында  су  аяғына 

жетіп,  өзінің  құритынын  білген  сулар  бұрынғыдай  сылдырамай,  күңірене  үн  қатып: 

«құрыдым,  құрыдым!»  деп,  қайғы-қасіретпен  ағады  екен.  Сол  үшін  бұл  жер  «су  аяғы 

құрыдым» деп аталыпты. Су аяғы құрдым – су біткенді сіміріп, дым қалдырмайтын, орасан 

үлкен оппалардан құралған сұмдық жер. Бұл арада ешқандай тіршілік жоқ. Өсімдік атаулы 

да  өспейді.  Осы  қаңсыған  орынның  қожалары  «сұмырай»  деп  аталатын  құбыжықтар  екен. 

Бұл  сұмырай  –  су  біткеннің  қас  жауы.  Ол  кей  жылдарда  жер  жүзіне  де  келеді.  Сұмырай 

келген  жылдарда  жаңбыр  жер  бетіне  түспей,  аспанды  жайлап,  су  тарылып,  асау  өзендер 

батпаққа, айдын көлдер шұқанаққа айналып, ерекше қуаңшылық болады. Мұның аяғы жұтқа, 

ашаршылыққа апарып соғады. «Сұмырай келсе, су құриды» деген сөз осыдан шыққан екен. 

Объяснение:мәтін

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi