1Тапсырма
Үзіндіні мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне сегіз жыл үш ай болды. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз бастаған ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады.
Махамбет тілге келмей кетті. Бірақ талайға дейін жүрегі дүрсілдеп, миы шыңылдап, бүкіл өмірі көз алдынан өтіп жатты... Жан тәсілім қыларда қанталаған қой көзін кең ашты. Жарық дүниемен қоштасып, Қараоймен арыздасты. Ұзақ жолдың түйіні қысқа екенін бірінші рет біліп бара жатты.
1 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Шығарманың авторы кім?
2. Бұл қандай шығармадан алынған үзінді?
3.Шығарма кім туралы жазылған?