1мәтін «Цифрлы дәуірдегі бұқаралық медиа: өлше де, үстем бол» тақырыбындағы пікірталастан үзінді
Телеарна көрермені азайып бара жатыр. Мұны мойындау керек. Былтыр көрермендер аз да болса бар еді, биыл тек футбол көру үшін ғана теледидардың алдына келетін секілді. Ол үшін жарнама берушілерге шығуға тура келеді. Алдымен 25-40 жас аралығындағы аудиторияны алайықшы. Олар кредит алғысы келеді, қымбат машина, ұялы телефонға қызығады. Егер көрермендердің орта жасын алатын болсақ, орыстілді телевизия үшін – 40 болса, қазақтілді телевизия көрермендерінің орта жасы шамамен 28-29 жас, – дейді саясаттанушы Айдос Сарым
Қазақтілді газеттерді тек тілді, тарихты, салт-дәстүрді ғана жазатын, соның жоқшысы ретінде қарайтын қалыптасқан ұғым бар. Осы мемлекетке ат беріп отырған қазақ ұлтының кешегісі, бүгіні, ертеңі, салт-санасы, тарихы, ұлтқа қатысты кез келген жаңалық біз үшін әр кез маңызды деп айтар едім. Тағы бір жайт – уақыт қазақ тілді аудиторияның үстемдік алуына мүмкіндік беріп келе жатыр. Әрине, бір уақытта беделді газеттердің біржолата сайтқа айналып кеткен үрдістері де болды. Дегенмен негізгі айтатын жағдай – қазақтілді буынның әртүрлі саладағы көрсеткіші қазақ ұлтының пайдасына шешіліп жатқанын айғақтайды. Біз дәнекер болып қана отырмыз. Бұл жетістік – өсіп келе жатқан тәуелсіз ұрпақтың тегеуріні деп айтар едім, – деді бірінші болып сөз алған Нұртөре Жүсіп.
2мәтін
Қазақстанда BBC мен CNN сынды ағылшын тіліндегі телеарналар ашу ұсынылды. Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан шетелдік компаниялар үшін қызықты бола бастады, ол біздің елге келіп жатқан шетелдік инвестицияның күн сайын өсіп жатқанын және мемлекеттің тұрақты саясатын көрсетеді. Бұл жетістіктің барлығы жарыққа шығуды талап етеді. Мысалы, Ресейде Russia Today телеарнасы бар, ол әлемнің көптеген еліне тарайды. Russia Today America мен Russia Today United Kingdom телеарналары Вашингтон мен Лондондағы жеке студиялары арқылы эфирге шығады. Russia Today телеарнасының тәулік бойы әлем бойынша 700 миллион көрермен үшін қолжетімді екені белгілі", - дейді Әлиев. Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінде имидждік саясатқа едәуір қаржы бөлінеді. "Қазақстанның позитивтік имиджі, оның отандық және шетелдік қоғамдық-саяси және іскерлік шеңбердегі беделі әлемдік аренада ұлттық мүддені ілгері бастыруға негіз болатын фактор және серіктестік қарым-қатынасты дұрыстауда маңызды ресурс бола алады", - деді ол.
"Осыған байланысты Russia Today, BBC және CNN сынды қосымша телевизиялық ағылшын тіліндегі телеарналар ашуды; шетел аумағындағы біздің радиохабарларды дамыту жоспарларын жетілдіруді; шетелге біздің елдің жетістіктерін жазып тарататын The Times, Die Welt, Daily Telegraph сынды қазақстандық басылымдарды ашуды ұсынамыз", - дейді мәжілісмен өзінің сауалында. Сонымен қатар депутат бұл жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестікті пайдаланып инвесторларды тарту керегін айтты.
ӘР МӘТІН БОЙЫНША ӨЗ ПІКІРІН БІЛДІР, ӘР МӘТІНГЕ 2 СҰРАҚТАН ЖАЗ