1B-ТАПСЫРМА (163-бет). Мәтіннен бұрынғы еткен шақта тұрған сөйлемдерді тауып жаз.Әлеуметтік желі арқылы сен таныстарыңды, достарыңды, әріптес- теріңді тауып, олармен байланыста бола аласың. Сондай-ақ желідегі әртүрлі топтарға тіркеліп, өз қызығушылықтарыңмен, ойларыңмен, көзқарасыңмен бөлісе аласың. Сонымен қатар қазір әлеуметтік желі арқылы өз бизнесін дөңгелетіп отырғандар баршылық. Өйткені ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы. Ақын-жазушылар шығармаларын жариялап жатса, өндірушілер өз тауарларын, жұлдыздар суреттерін жариялап әлек. Тіпті қазір осы желі арқы- лы кімнің қайда, кіммен отырғанына дейін білеміз. Сондай-ақ компаниялар өздеріне жұмыскер іздеуде осы әлеуметтік желінің көмегіне жүгініп жүр. Ал енді зиянды жақтарына келсек, әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл әсіресе жастар арасындағы күрделі мәселе болып отыр. леуметтік желілер уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, уақыттың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Күнұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады.